Екібастұз электр станциясын жаңғыртуға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған

Qaz365.kz редакциясы

Екібастұз МАЭС-2-ні жаңғырту кезінде миллиард теңге жымқырылған

Фото: gres2.kz

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.