Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Qaz365.kz редакциясы

Өрттің себебі анықталуда

Фото: Жетісу облыстық ТЖД

Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне 16 ақпан күні сағат 10:38-де Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына жеткен сәтте жолаушылар автобусының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 10:58-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.