Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр
Абай облысы Көкпекті ауданында жүргізіліп жатқан апаттық-құтқару жұмыстары туралы ақпарат Қазіргі уақытта ШҚО әкімдігі әуе бөлімшесінің МИ-8 тікұшағы қар құрсауынан 29 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов оқиға орнында. Жедел республикалық және облыстық штаб жұмыс істейді.
Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған.
Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін Қалбатау ауылының «Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ-мен психолог тартылды.
«Қазір жеке құрамның 19 адамы және 4 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр. Абай облысының ТЖ департаментінде жедел желі телефоны жұмыс істейді. Барлығы 25 қоңырау түсті, оның 6-уы шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша», – делінген хабарламада.