Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Динара Закиева.

Омбудсменнің сөзінше, балалардың денесі көгеріп, тілінген, азып-тозып, шаршаған, аш, көз жанары солған, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Тіпті ұлытаулық 3 бала үшін жәрдемақы алып келген.
 

«Балалардың үлкені – қыз, колледжді тамамдаған. Алайда іс жүзінде сабаққа мүлде бармаған. Ортаншы ұл колледжде "оқиды". Құқық қорғау органдары білім мекемесін тексерсе, ата-анасы үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтама беріп отырған екен. Қамқоршы қызды жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан», – деп жазды Зәкиева.