Алматыда полиция майоры жол-көлік апатын жасап, жұмыстан қуылды

Qaz365.kz редакциясы

Ол мас күйде болған

Фото: aikyn.kz

Алматыда мас күйде жол апатына ұшыраған полицей жұмыстан қуылды. Оған қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Telegram-дағы Egovpress арнасында жарияланған ақпарат бойынша, 2024 жылғы 19 ақпанда полиция майоры қызметтік көлікті мас күйде жүргізіп келе жатып, басқа қызметтік көлік пен Toyota көлігін жол апатына ұшыратқан.

«Наркологиялық сараптамасының қорытындысы бойынша ұсталған азаматтың зәрінен «Мефедрон» химиялық есірткі заты табылды», – делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Алматы полиция қызметкерлерінің мас күйде жол-көлік оқиғасын жасағаны бойынша тергеу басталды. Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органдарынан теріс уәжбен жұмыстан босатылды. Бірқатар басқа басшы тәртіптік жазаға тартылды», – деді қалалық полиция департаментінде.