Бойжеткенді қорлаған Алматы қаласы әкімдігінің қызметкері ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Оның бұл мәселесін қазір полиция қарап жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Алматы қалалық жастар саясаты басқармасы бас маманының бойжеткенге дөрекі сөздер айтып, ұрып-соққаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімдік оның жастар саясаты басқармасында істейтінін нақтылады.

«Ділмұрат Омаров 2022 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. Осы оқиғадан кейін ол 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 61-бабы 1-тармағымен Ділмұрат Омаров қызметінен босатылды», – деп жауап берді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жастар саясаты басқармасы бас маманының мәселесін қазір полиция қарап жатыр.

«Медеу ауданының полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптамасын жасап жатыр. Ер адам ұсталды», – деді қалалық полиция департаментінде.

Ведомствоның мәліметінше, бұл іс енді сотқа жіберіледі.