Облыстық полиция басшысы істі жеке бақылауына алды
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы тұрғынының балаларды қатігездікпен ұрып жатқан видеосы тарады. Полиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің жазуынша, оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында болған. Кадрдан ер адамның 4-5 жастағы баланы теуіп жатқанын байқауға болады. Жанында осы жас шамалас қыз да бар.
Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы істі жеке бақылауына алды.
«Түркістан облысында жасөспірімдерге қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.