Ақмола облысында шенеуніктер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Олар 15 млн теңге жалақыны негізсіз алған

Фото: ашық дереккөзден

Целиноград ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру нәтижелері анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды.

«Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп хабарлады Ақмола облыстық прокуратурасы.

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.