50 жастағы тұрғын ұсталды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап.
«Жедел іздестіру шарасы барысында өткен жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны құрықталды. Ол адам ұрлау бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады», – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінде.
Ведомствоның мәліметінше, ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.