Ол ұзақ уақыт бойы шетелде түрып, радикалды идеологияны қабылдаған
Кеше ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген.
Тергеу бойынша ұсталған адам бұған дейін ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.
«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.