FlyArystan ұшағы Мумбай әуежайында басқа ұшақпен соқтығыса жаздады

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 22 ақпанда болған

Фото: FlyArystan

Қазақстандық компанияның Airbus A320 ұшағының пилоты жолды шатастырып жұмыс жолағына бұрылған. Сол кезде Air India-ның ұшағымен соқтығыса жаздады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

 The Hindu-дың хабарлауынша оқиға  22 ақпанда болған. 

Үндістандық ұшқышқа кенеттен жылдамдықты бәсеңдетуге тура келді. Апаттың алдын алды. 

Үндістанның авиация билігі тергеу бастады.