Алматыда аяғы ауыр әйел 18-қабаттан секіріп кеткен

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жүкті әйел 18-қабаттан секіріп кетіп, қаза болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Криминальный Казахстан» телеграм арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 12:20 шамасында Алмалы ауданы «Манхеттен» тұрғын үй кешінінде болды.

Осы факті бойынша Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.