Алматыда подполковник азғындық әрекетпен айналысқан деген күдікпен ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол 14 жасар баламен кездесуге мас күйінде келген

Фото: freepik

Алматыда жасөспірімге азғындық әрекет жасамақ болған шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды. Ұсталған подполковник жайлы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Басылым жазуынша, хабарламада Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған. 

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Еске салайық, жуырда ғана Мәжілісте қабылданған заңға сәйкес педофильдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.