Алматыда болған жер сілкінісінің магнитудасы 5 балл – ТЖМ

Qaz365.kz редакциясы

ТЖМ мәлімет берді

Фото: Алматы әкімдігі

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісінің қанша балл болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

“ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл”, – деп хабарлайды ТЖМ.