Қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды
Алматыда жер сілкінісі қайталануы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Қазір жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз», – деді ол.
Еске салайық, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда жер сілкінісі болды. Бұл жолғы жер сілкінісінің магнитудасы 5 балға жеткені айтылды.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.