Алматыдағы жер сілкінісі: тобығы сынған тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгінді

Qaz365.kz редакциясы

Дабыл белгісі кешігіп қосылу себебін сұрады

Фото: depositphotos.com

Журналистер баспасөз мәслихаты барысында не себепті дабыл ескертуі кешігіп қосылғанын сұрады. Алайда ТЖД бастығы оны жоққа шығарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл жерде түзегім келеді: жер сілкінісінен кейін емес, жер сілкінісі барысында сирена ойнады. Дабыл сигналы тұрғындардың назарын аудару үшін қосылады. Заңнамаға сәйкес, ол қосылғанда бәрі сиренаға назар аударуы керек. Қалада 700 дабыл құрылғысы бар. Теле-радиоарналарға да қосыла аламыз. Азаматтар сол дауысты естігеннен кейін тиісті ақпаратты ести алады», – дейді ол.

«Сиренаны жер сілкінісі алдында қосуға бола ма?» деген сұраққа қалалық ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Әмрин жауап берді.

«Шынында да, сиренаның уақытылы қосылуында сұрақ туындайды. Бұл расында да, азаматтарды назар аударуға шақыратын сигнал. Адамдар естімей қалуы мүмкін. Демалып жатып, музыка ойнағаннан кейін естімей қалуы ықтимал. Бұл – ақпараттандыру элементтерінің бірі. Теле-радио арналар да қосылды. СМС-хабарламалар бірден жетпейді. Араға уақыт салып жетіп жатады. СМС-ескерту – секундына 400 СМС кетеді. 2,5 млн адамға жеткенше әлбетте уақыт өтеді. Соған сай түсіністік танытуды сұраймыз. ТЖД мен әкімдік қазір пуш-ескерту мәселесін пысықтап жатыр. Алматы – цифрландыру бағытында алда келе жатқан қала. Биыл қалалық әкімдік пен ТЖД осы қосымшаны жасап шығарады», – дейді ол.

Оның сөзінше, кейінгі сейсмооқиғалар (қаңтардағы) бойынша эпицентр алыста болған. Алматыға жеткенше 10-20 секунд өткен.

«Бүгінгі эпицентр Алматыдан 30 шақырым жерде ғана болды. Құрылғылар ойнады, операторлар ақпарат алып, сейсмологтар ақпаратты өңдей бастады. Бірақ біздің операторлар халықты ескерту дабылын іске қосты», – дейді Әмрин.