Түркістан облысында нәрестенің алтын сырғасын ұрлаған әйел ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті әйел сырғаны ломбардқа өткізіп жіберген

Фото: polisia.kz

Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері нәрестенің алтын сырғасын ұрлаған 29 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті базарда 2 баласымен бірге такси іздеп жүрген әйелді көрген.

«Жәбірленушінің қолында 2 жастағы қызы, 8 айлық сәбиі мен жол сөмкесі болған. Күдікті әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Ол жәбірленушіні таксиге дейін шығарып салар тұста нәрестенің құлағындағы алтын сырғасын білдіртпей шешіп алған. Сырғаны ломбардқа өткізіп жіберген», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдікті ұрлаған сырғаны тауып, заңды иесіне қайтарды.

Қазір күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.