Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді

Qaz365.kz редакциясы

Эпицентрі Қытай аумағында орналасқан

Фото: fishki.net

Алматыдан 266 шақырым аумақта жер сілкінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін сағат 05:09-да тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісі Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.