Қазақстандағы 2 миллионнан астам адамның жеке дерегі желіге тарап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Министрлік тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр

Nur.kz / Петр Карандашов

Олар микроқаржы ұйымынан несие алған. Ақпаратты цифрлық даму министрлігі таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн-нан астам (РФ - 23,6 млн. (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru -6.8 млн.); Филиппин-5 млн. (digido.ph); Вьетнам - 2 млн. (vietloan.vn) деректері анықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік техникалық қызмет таратылған деректерге талдау жүргізіп, цифрлық даму министрлігі клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолданады», - деп хабарлайды министрлік.

Цифрлық даму министрлігі осыған байланысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр.