«200 мың теңгеге дейін пара алған»: Түркістан облысында кеден бекетінің лауазымды тұлғалары күдікке ілінді

Qaz365.kz редакциясы

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Скриншот

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүйелі негізінде пара алу фактісі бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.