Бишімбаев соты: Мемлекеттік "айыптаушы" прокурор мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекеттік "айыптаушы" прокурор мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөзден

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және оқиға болған гастро-орталықтың директорына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оған мемлекеттік айыптаушы бірнеше мәлімдеме жасады.

– Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелген.
– Бишімбаев жәбірленушінің барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, оны толығымен қаржылық тәуелді етті.
– зорлық-зомбылық және жүйелі физикалық зорлық көрсеткен.
– 2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы ұрған.
–  Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған, бірақ ағасы ажырас дегенде бас тартқан.
– 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшу керектігін айтады. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келіскен. Алайда Бишімбаев әйеліне оған физикалық күш көрсетуді жалғастырды.

Айта кетейік, күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, Бүгін Астана қаласында атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі басталады. Журналистер  сот залына кіре алмады.