Qarmet: Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында кенші қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Оқиға 12 наурызда түнгі уақытта болған

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды ​​облысындағы «Саран» шахтасында кенші қаза тапты. Бұл туралы «Qarmet» баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Qarmet мәліметінше, 12 наурызда түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқанын хабарлайды.

«Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен», – делінген хабарламада.

Qarmet қаза тапқан кеншінің отбасына көңіл айтты.