Бишімбаев ісі бойынша сот талқылауы өтетін күн белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтеді

Фото: Астана соты баспасөз қызметі

Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Соттың екінші отырысында судья Айжан Күлбаева Қуандық Бишімбаевтың алқа билерді қатыстыру жөнінде өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот істі "абайсызда өлтіріп алу" бабына өзгертуден бас тартты.

«Сот сотталушы Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп санайды», – деді судья.

Айыптау актісіне сәйкес, Бишімбаевқа қылмыстық кодекстік 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасады деген айып тағылған.

Іс бойынша негізгі сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурызда өтеді.