Алматыдан 465 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Qaz365.kz редакциясы

Жерасты дүмпуінің ошағы Қытай аумағында орналасқан

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» станциялар желісі 13  наурызда 23 сағат 11  минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6, магнитудасы – MPV 4.4. Тереңдігі  – 15 шақырым.

Қазақстан аумағында MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі сезілген жоқ.