"Қазақмыс" компаниясында басқарма бөлімі басшысы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Қазір оған қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Фото: Freepik

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен "Қазақмыс" заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"13 наурызда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қарағанды облысының Ішкі Істер департаменті "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қауіпсіздік Дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Мақсұтұлы Жұмабаев ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта А.М. Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген компания хабарламасында.

Компания мәліметінше, қазір Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.