Автобус дәл жолдың қақ ортасында отқа оранды
Бүгін, 26 наурызда Теміртауда жақында жолға шыққан автобустардың бірі жанып кетті. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Автобустар Алматы автопаркінен Теміртау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне сыйланған. Осыдан кейін көлік конкурс арқылы ТТС автопаркінің сенімгерлік басқаруына берілген. Алайда келісім-шарт талаптарына сәйкес, тасымалдаушының жауапкершілігі ағымдағы жөндеуді де, техникалық қызмет көрсетуді де қамтиды.
26 наурызда автобустардың бірі дәл жолдың қақ ортасында отқа оранды. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық жолаушылардың салоннан шығып үлгергенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.
«Сағат 09:29-да Республика даңғылында, №9 үйдің жанында LiAZ маркалы №8 бағыттағы автобустың қозғалтқыш бөлігінде 2 шаршы метр аумақта жанғыш бөлшектер өртенген. Төтенше жағдайлар қызметі келгенше жолаушылар автобустан өз бетінше шығып кеткен. Өрт сағат 09:49-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы», – деп хабарлады ведомствода.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 10 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Наурыз айының соңына дейін желіге тағы жеті ұқсас автобус шығаруды жоспарлап отырғаны белгілі, бірақ олар № 14 бағыт бойынша жүреді.