«Кешір бізді, әже»: үйін су басқан қарттың суреті Қазнетте қызу талқыланды

Qaz365.kz редакциясы

Үйінен айырылып, қауіпсіз жерге көшірілген әженің суретін биылғы тасқынның символ-суреті десе де болады

Азаттық

«Кешір бізді, әже». Үйін су басқан қарттың суреті Қазнетте қызу талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Үйінен айырылып, қауіпсіз жерге көшірілген әженің суретін биылғы тасқынның символ-суреті десе де болады.

Кешелі бері әлеуметтік желі қолданушылары осы суретті бөлісіп, қызу талқылап жатыр. Тіпті кей азамат «кешір бізді, әже» деп жазады.

Ал журналист Азамат Әбілқайыр бұл адам – Ойыл ауданы Берсиев ауылы тұрғыны екенін хабарлайды.

«Көмек қажет, ағайын! Достар, мына әжей менің жерлесім, Берсиев ауылының тұрғыны. Туған жерім Ойыл ауданында мыңнан астам ірілі-ұсақты мал, жүзге жуық баспана, 
4 ауыл, (Көптоғай, Берсиев, Лесхоз) суға кетті. Дәл қазір 2000-дай адам мына әже секілді мектеп, бала-бақшаны паналап жатыр. Мектептер, ауруханалар, бала-бақшалар, ірі көпір де пайдаға аспайды енді. 
Қол ұшын созамын, 100-1000 теңге болса да көмек беремін деген жандар болса төменге нөмерін қалдырдым. Ауданның белсенді жастарының бірі Жанұлан Тумышев. + 7 (771) 773 6663. Сенімді адам», - деп жазады ол.

Желіге тараған суретті Азаттық журналисі түсірген болуы мүмкін.

2024 жылғы тасқын Қазақстанның өңірлердегі халқына ауыр тиіп жатыр. Тұтас ауылдар су астында қалып, бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланған.