Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Шымкентте атыс болды. Оқиға бүгін, 2 сәуір күні түскі 12-00 шамасында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
«Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болған», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі айқай-шу орын алған.
Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр.