Бишімбаев соты: Байжанов экс-министрдің қысым жасап жатқанын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ол өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады

Фото: Jogargy_sot

Ауыр қылмысты жасырғаны үшін жауапқа тартылған Бақытжан Байжанов экс-министрдің қысым жасап жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотта Бишімбаев пен Байжанов бір жерде отырады. Бүгін кезекті үзілістен кейін Байжанов экс-министрдің қысым жасап жатқанын айтты.

«Ол маған былай айт, былай айт деп, қысым жасап жатыр», - деді Байжанов.

Осыған байланысты Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады.

Ал экс-министр тек «құжаттарды қайтаруды талап етіп отырғанын» жеткізді.

Айта кетейік, Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр.