«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды

Фото: ашық дереккөзден

ҚазАвтоЖолдың басқармасының экс төрағасы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.