Солтүстікке су тасқынынан елді құтқаруға барған түркістандық азамат қаза тапты

Qaz365.kz редакциясы

Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы күресуге жіберілген 46 жастағы түркістандық құтқарушы қайтыс болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

1978  туған Түркістан облысында дүниеге келген Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.

«Ол 1 сәуірде Түркістан облысынан жіберілген. Осы күні кешке Балданов ауырып, Тайынша аудандық ауруханасына жеткізілген. Сол жерден оны санитарлық авиация бортымен Петропавлдағы ауруханаға жеткізу жоспарланған. Алайда 2 сәуірге қараған түні 1978 жылы туған Бекжан Балданов жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер оның өліміне миокард инфаркты себеп болғанын айтты», - деп хабарлайды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖМ, ТЖД және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі құтқарушының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып, көңіл айтады.