ТЖМ қызметкерлері қапшықтарды жерге төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Топан су Астана маңындағы Талапкерге де жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ТЖМ қызметкерлері қапшықтарды жерге төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі нәтижесінде Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесі шайылып кетті. Осы минуттарда ТЖМ күштерімен қапшықтарды екпінді жерге төсеу жұмыстары жүргізілуде, делінген ресми хабарламада.