Оны ҚХР азаматтары ұйымдастырған
ҚХР азаматтары «Қорғас» ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 заңсыз ойын бизнесін және бір жезөкшелер ошағын ұйымдастырған, деп Qaz365.kz тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.
Бұл орындарды ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық полиция және шекара қызметімен бірлесе отырып жойған.
«Астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеді.
Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді», - делінген хабарламада.