Бүгін түнде Тобыл өзенінің деңгейі көтеріледі

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті

Ашық дереккөзден

Бүгін түнде Қостанай облысындағы Тобыл өзені арнасы асып, көтеріледі деп болжанып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі жоғарылауы байқалады. Сарапшылардың болжамы бойынша, түнде 825 сантиметрге дейін көтеріледі, бұл 600 сантиметр нормадан асады.
Одан кейін су деңгейі қалпына келеді. Су басу қаупі бар аймақтардың тұрғындарын үрейленбеуді сұраймыз және құтқарушылардың эвакуациялау нұсқауларын орындаңыз. Кейбір автожолдар жабылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық ТЖД басшысы Тобыл өзені деңгейінің көтерілу себебін айтқан болатын.