Құтқарушылар Құлсарыда жоғалған екі адамның денесін тапты

Qaz365.kz редакциясы

7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды

Фото: Атырау ТЖД

Құтқарушылар Құлсарыда жоғалған екі адамның денесін тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz

7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды.

6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге  рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған.

Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылған. 

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.