Алматыда тағы да жер сілікінді

Qaz365.kz редакциясы

Алматыда биыл 23 қаңтардан бері бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді

Фото Qaz365.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бүгін 7 сәуір сағат 13:46-да Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстк-шығысқа қарай 460 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 41.65°. 82.09° Тереңдігі 20 шақырым (МЅК-64 шкаласы бойынша)», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда биыл 23 қаңтардан бері бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді.