Құтқару жұмыстары жалғасуда
Атырау облысы, Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласында суға кеткен үйден төрт бала анасымен бірге құтқарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап
Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау барысында «Жаңа құрылыс» учаскесіндегі бір үйдің терезесінен айқайлап көмек сұраған дауыс шыққан. Үйге кіріп жағдайды нақтылаған Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қайықпен барып, су басқан үйде қалып қойған келіншекті 4 баласымен құтқарып алды.
Құтқару жұмыстары жалғасуда.