ШҚО-да тау бөктерінен лай көшкіні жүрді

Qaz365.kz редакциясы

Мамандар электр желісін дереу қалпына келтірді

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызмет

Риддер қаласында лай көшкіні жүріп, төртінші шағын аудан мен Лесное ауылы арасындағы автокөлік жолын жауып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қиыршық тас аралас топырақтың мөлшері 150 текше метр болады. Электр желісі үзіліп, қоғамдық көліктің жүруі уақытша шектелген.

Мамандар электр желісін дереу қалпына келтірді. Жол да тазаланып жатыр.