Алматы облысының прокуратурасында бұл жайтқа қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Қонаев қаласында тұрғындардың жергілікті прокурорларды қуалап жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бейнежазба авторының айтуынша, кеше жергілікті қоғам белсенділері прокуратура өкілдерімен кездесу барған. Олар тұрғындармен ашық әңгімелесудің орнына "қашып кеткен".
Прокурорлардың автотұрақ жаққа қашып, жүгіріп бара жатқаны видеоға жазылып, желіде тараған.
Алматы облысының прокуратурасында бұл жайтқа қатысты бар қатысушылар анықталғанын, қазір әдептілік және кез келген басқа да құқық бұзушылықтарға тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
"Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар мен өзге де адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тұрғындардан мерзімінен бұрын шешім қабылдаудан бас тартуды және тексеру нәтижелерін күтуді сұраймыз", - делінген прокуратура хабарламасында.