Жұмбағы көп «Айка» тізімін Антикор тергеп бітпей жатыр

Qaz365.kz редакциясы

«Айка» тізімі бойынша тергеу

Фото: ашық дереккөздерден

Антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров агенттіктің қызметкерлері «Айка» тізімі бойынша тергеу полициямен бірге жүргізіп жатқанын растады, деп хабаралайды Qaz365.kz.

«Дәл қазір қылмыстық іс Астана қаласының полиция департаментінде тергеуде. Іс бойынша факттің бәрі тексерілуде. Оның нәтижесін міндетті түрде жариялаймыз», – деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бекайдаров.

Еске салайық, бұған  дейін Telegram-арналардың бірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерінің медициналық жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.

Тараған ақпаратта студенттердің аты-жөні, ЖСН, байланыс нөмірлерінен бөлек, кейбір медициналық қорытындылар да жазылған.