Қазақстанда ауылдары арақтан ең көп бас тартқан өңірлерді атады

Qaz365.kz редакциясы

Нәтижесінде онда қылмыс бірнеше есе азайған

Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда ауылдары арақтан ең көп бас тартқан өңірлерді атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жалпы Қазақстанда 97 ауыл ішімдіктен бас тартқан. Олардың ішінде Қарағанды облысында 50 ауыл, Түркістан облысы 7 ауыл, Қостанай облысы 6 ауыл, Ақтөбе облысы 5 ауыл, Жамбыл облысы 5 ауыл, ШҚО 4 ауыл, Қызылорда облысы 3 ауыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары ауыл, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстары – 1 ауыл. Бұл шағын ауылдар», - дейді ол Сенат кулуарында.

Лепеха ондағы халық енді ішпейміз деп шешім қабылдағанын, бұл олардың бастамасы болғанын айтады. 

«Біз осындай бастама көтерілген соң мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде онда қылмыс бірнеше есе азайғанын байқадық, – дейді ол.