Мердігер міндеттемелерін орындамай, заң бұзған
Алматыдағы «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгеттен ақау табылды. Оны Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов анықтаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Шыңғыс Арынов «Ақсай» бассайніндегі селді бөгейтін бөгетті тексере келе, оны салған мердігер міндеттемелерін орындамай, заң бұзғанын анықтаған.
«Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін "Қазселденқорғау" басшылығы тиісті материалдарды ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне берді. Осылайша, Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу бастады», - делінген ТЖМ хабарламасында.