Алматыда ер адам көшедегі әйелге тап берді

Qaz365.kz редакциясы

Ер адам көше бойындағы орындықта демалып отырған әйелге тиіскен

Скриншоттар

Алматыда түскі уақытта белгісіз ер адам орындықта демалып отырған әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Kozachkovoffside телеграм арнасында жарияланған видеода ер адам көше бойындағы орындықта демалып отырған әйелге тиісіп, желкесінен қысып ұстап, сүйрей бастаған. Әйелге жаяу жүргіншілер араша түсіп, құтқарып алды. Жанталасқан әйел жақын тұрған дүкенге кіріп кетіп, қаскөйден әрең құтылған.

Алматы полициясының баспасөз қызметі әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Қазір күдікті ұсталып, тергеліп жатыр.