«Буаз аналықтар»: Су тасқынынан кейін БҚО-да жаппай киіктердің өлексесі қаптап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы оралдық журналист Лұқпан Ахмедияров жазды

Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында су тасқынынан кейін өлген киіктердің өлексесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы оралдық журналист Лұқпан Ахмедияров жазды. 


«Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында су тасқынынан кейін бүкіл даланы өлген киіктердің өлексесі басып жатыр. Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы Қазақстан билігі бұл бөкендерді атуға рұқсат берген болатын. Өлген жануарлардың көпшілігі буаз аналықтар»,- дейді Лұқпан Ахмедияров.