Атыраудағы Жайық жағасынан өлі табылған ер адамға қатысты жаңа дерек шықты

Qaz365.kz редакциясы

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Скриншоттар

Атырауда 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Атырау шағынауданындағы Жайық жағасынан белгісіз ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап. 

"Қазір мүрде 2023 жылы 13 маусымда суға кетіп, сүңгуірлер денесін таба алмаған 2008 жылы туған жасөспірім деген күдік бар. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда әкесімен бірге үйін қарауға кеткен ер адамның мүрдесі табылғанын жазған едік.