13,4 млн теңге: Ақмола облысында мемлекеттік мекеме негізсіз сыйлықақылар берген

Qaz365.kz редакциясы

Мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде

gov.kz

Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйлықақы төлеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн. теңге сомасына негізсіз сыйлықақы бергені анықталды.

«Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн. теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйлық берді. Әр қызметкердің сыйлықақыларының мөлшері 1 млн теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді», – делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.

Қазір мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.