Марқұмның әпкесі үндеу жасады
11 сәуірде кешке Ақтөбедегі олимпиадалық резервтегі мектеп-колледжде Бексұлтан есімді 14 жастағы оқушы қайтыс болды. Осы жайтқа қатысты жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция «денсаулықа қасақана зиян келтіру бойынша» тергеу басталғанын айтты. Ал 13 сәуірде Instagram-да марқұмның әпкесінің үндеуі пайда болды. Оның сөзінше, Бексұлтанды жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан. Ағайынды Бексұлтан мен Ерсұлтан олимпиадалық резерв мектебінің 8-сыныбында оқыған.
«11 сәуірде кешкі сағат 20:30 бен 21:00 шамасында бөлмелерді жинамағаны үшін менің бауырларым соққыға жығылған. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен 9-сынып оқушылары ұрып-соққан. Содан кейін 10-сынып оқушысы оның бетінен 2 рет ұрған, ал кеудесінен бірнеше рет соққан. Қатты соққыдан ол еденге құлап, есінен танып қалған. Бексұлтан соққыға жығылып, қаза тапты, ал Ерсұлтанның көз алдында бауырын өлтірді», – деп жазды ол.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті өкілдері күдікті анықталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы қайтыс болғаны хабарланды.