Назым Қаһарман әлеуметтік желіде болған жайттың өзіндік нұсқасын айтты
Бүгінгі сотта экс-министр Қуандық Бишімбаев «сотталушы Бақытжан Байжанов пен бұрынғы әйелім Назым сөз байласып, менің көлігімді ұрлап әкетті» деп мәлімдеген еді. Кешқұрым Назым Қаһарман әлеуметтік желіге шығып, болған жайттың өзіндік нұсқасын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Менің атымды тағы қаралап жатыр. Әлбетте, үнсіз қалмаймын. Жауап берем: қалай болғанын айтып берейін.
Біз Қуандықтың үйіне келінінің өліміне байланысты көңіл айтуға бардық. Шын мәнінде, біздің бәріміз ол жақтан жағамызды ұстап шықтық. Себебі күдікті Бишімбаев айтып отырған қазіргі нұсқаны сол кезде 10 қарашада әке-шешесі айтып отырған. Мен сол күні балаларыма көлікті сұраттым. Сол кезде менің балаларыма деген таксистердің немесе автобустағылардың реакциясы қандай болар екен деп сескендім. Балаларым жалғыз қалмасын дедім. Жағымсыз пікір көп болды. Сол үшін балаларыма алаңдадым. Сол үшін Қуандықтың әке-шешесімен көлік сұрадым. Қуандықтың анасы бүкіл көлік тергеу изоляторындағы шаруалармен жүр деді. Балам аш қалмасын деп жүгірсе керек. Оған қоса басқа көліктер адвокаттарды алып жүруге кетсе керек», - дейді ол.
Назым Қаһарман өзінің бұрынғы ата-енесінің осы әрекетіне таңғалып, қорғау жағы тек болған іске өкініш білдіріп, бәрін мойындап, кешірім сұрауы тиіс болғанымен, көлік бермегенін есіне алады.
«Ал 11 қарашада дау басталды. Біз Бишімбаевпен ажырасқанда мүлікті бөлмегенбіз. Бірақ әкесі балалардың мектебін төлеп тұратын. Оған мен де дұрыс қарадым. Бірақ бұл жерде адам басқа адамды өлтіріп тұр. Мен үшін бұл оқиға шын мәнінде, Қуандықтың өзінің өлімі іспеттес. Мен оны ата-ана ретінде қабылдамаймын, сол үшін әлбетте, біз қаржы мәселесін көтердік», - дейді ол.
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оған Қуандықтың әкесі «не деген саудагерсің» дегендей әңгіме айтып шыға келгені айтады.
«Иә, мен сондаймын. Үш балам бар. Қуандықтың әкесі менің қолымнан екі рет ұрып жіберді. Оны қызымның көзі көрді. Кездесуіміз осындай нүктеде аяқталды. Содан бері көрмедік. Бишімбаевтың қолдауға келген бірден бір туысы – Бақытжан Байжанов. Бүкіл Астанадан сол ғана келді. Балаларды қолдауға келді. Біз бұрыннан таныспыз. Балаларым туғаннан оны білемін. Сол кезде ол маған болған жайттың бәрін айтып берді. Қазір сотта айтып жатқанынан еш айырмашылығы жоқ. Балалары ең қиын сәтте, көлікті бермеді. Бақытжан да Бишімбаевтың әке-шешесінің бұл әрекетіне таңғалды. Бақытжан «көлік менің атымда болғандықтан, Алматыдан әкелейін» деді. Солай келістік», - дейді ол.
Бірнеше күннен кейін Назымның ұлы Қуандықтың Алматыдағы үй қызметшісіне қоңырау шалған. Ол көліктің кілтін берген.
«Біз көлікті алып кеттік. Бақытжанның өзі де тұтқындалғандықтан, сенімхатты ала алмадық. Мен Бақытжанмен сөйлескен кезде «сені де тұтқындауы мүмкін екенін» ескерткен едім. Міне, көлік жағдайы осындай. Бүгін Қуандықтың осылай айтып бергені қызық. Бишімбаевтың бұрынғы әйелі бүгін сотта аты аталған Бауыржан Мусинге арыз жазғанын, алайда оны құзырлы органдар тіркемей жатқанын айтады. Сөзінше, Мусин оның балаларының жеке деректерін жариялап, өзін қорқытқан», - дейді ол.
Назым Қахарман Бақытжан Байжановтың адвокатына төленген ақшаның бір бөлігін өз қалтасынан шығарғанын мойындайды.