Зорлықтан қыз бала жүкті болып қалған
Жамбыл облысында 12 жасар қызды зорлаған ер адам ұзақ жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Зорлықтан қыз бала жүкті болып қалған.
Сот шешімімен қылмыс жасағаны үшін сотталушы 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына 3 млн теңге сомасында моральдық зиян, басқа да шығыстарға 300 мың теңге материалдық зиян өндіру жөнінде шешім шыққан.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қарашасында анасы қызының зорлағанын жария еткен. Содан кейін "Айгөлек" балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген 55 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті аудандық мәслихат депутатының күйеуі екені белгілі болды.
Зорлау құрбанының жүктілігін білім бөлімінің басшылары жасырған. Қыздың анасы мектеп әкімшілігі оны түсік жасатуға рұқсатсыз жібергенін мәлім еткен.