Көпшілік полицейді жазалауды талап еткен
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Бишімбаевты ұстаған полицейдің тексеруіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Еске сала кетейік, оны алғаш ұстауға барған полиция қызметкері Салтанаттың "өзі соған жеткізгер болар" деп тұспалдаған еді. Қоғамда құқық қорғаушының осы сөзі қызу талқыланған. Көпшілік полицейді жазалауды талап еткен.
Игорь Лепеха журналистерге полиция қызметкерінің бүкіл видеожазбалары тәркіленгенін, қазір оларды сот зерттеп жатқанын айтты. Жазбалар соттан қайтарылмайынша ІІМ оны анықтай алмайды, деп атап өтті ол.
Салтанат Нүкенованың анасы сот барысында Бишімбаевқа қарата "сен баланы басып өлтіргенсің" деп айғайлаған еді. Журналистер Лепеханың есіне осы жайтты да салды.
“Ол сұрақ есімде, тиісті тапсырма бердім. Бишімбаев баланы басып кетті ме? Әзірге оған ешқандай дәлел жоқ. Біз марқұмның [Нүкенованың] ағасымен сөйлестік. Одан қандай ақпарат көзі бар екенін білгіміз келді.
Бірақ бұл жерде тағы бір жағдай туралы айтылса керек, әзірге Бишімбаевтың баланың өліміне кінәлі екендігі туралы еш дәлел жоқ. Бірақ біз әлі де қарастырамыз”, - деді министрдің орынбасары.